Шымкент маңында жас келіншекті тірідей көміп тастаған тұрғындар сотталды

0
1

Шымкентте жас келіншекті тірідей көміп тастаған тұрғындар сотталды. Қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушының бірін 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Жұрттың жағасын ұстатқан бұл оқиға үстіміздегі жылдың наурыз айында Шымкент қаласының маңындағы Қайнарбұлақ саяжайында орын алған еді. Танысының туған күнін тойлауға келген бір топ жігіттер сол отырыста танысқан бір келіншекті далаға алып шығып, қатты ұрып-соққан. Бұдан соң оның денесін өртеп, қылмыстарын жасырмақ ниетпен оны тірідей жерге көміп тастаған.

Арада бір апта уақыт өткен соң , қылмыскердің бірі өз еркімен полицияға келген. Болған жәйттің қалай болғанын айтып, сыбайластарын да ұстап берген.

«Жанар жағармай бекетінен 5 литр бензин алып, әйелдің үстіне құяды. Сіріңкемен жандырып, ізінше сөніп қалады. Осы іс бойынша жасалған сот медициналық сараптамаға сәйкес, әйелдің басынан таспен ұрған кезде де, оған от жаққан кезде де және пышақпен ұрып жатқан кезде де ол әлі тірі болған»,- дейді судья Әбинұр Қарабаев.

Қылмыстық істі жан-жақты зерттеген мамандандырылған ауданаралық соты бес айыпталушының бірін он бес жылға бас бостандығынан айырды.

Оның үш сыбайласын жасаған іс әрекеттеріне сәйкес, бір жылдан үш жылға дейін бас бостандығынан шектеуге үкім шығарды.

Ал, басты күдікті ретінде танылған ер адам әлі күнге іздеуде жүр.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ