Шымкентте педофильден зардап шеккен баланың әкесі көз жұмды

0
6

Педофильден зардап шеккен баланың отбасында тағы бір қайғылы жағдай болды. Уайымға салынған отағасы қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 31.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: Baq.kz

Подъезде зорлап кеткен баланың әкесі 40 жасында жүрек ұстамасынан көз жұмды.

Ер адам ұлы зардап шеккеннен кейін бір апта өткен соң қайтыс болды.

Еске сала кетсек, 11 жастағы баланы подъезде педофиль зорлағаны бейнебақылауға жазылып қалған. Бейнебақылауда бала мен қылмыскердің бет-жүзі жазылып қалған. Қылмыскерді табу мақсатында ол видео ғаламторға салынған. Сөйтіп педофиль ұсталды.

Енді қайтыс болған ер адамның әйелі ұш баласымен жесір қалды және төртінші сәбиінің өмірге келуін күтіп жүр. Туыстарының айтуларынша, ер адам отбасын жалғыз өзі асыраған.

Видеоны таратқан адамды полиция қызметкерлері іздестіруде. Ол адам да әрекеті үшін жауапқа тартылады.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ