Шымкентте полиция бөлімшесінің алдына кішкентай сәбиді тастап кетті

0
0

Шымкентте белгісіз біреулер Әл-Фараби аудандық ІІБ алдында кішкентай баланы қалдырып кеткен деп хабарлайды Otyrar.kzарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото
Сәбиді полицейлерге кімнің тастап кеткені белгісіз.
Анықталғаны, бүлдіршіннің жасы шамамен екіде.

Денсаулық жағдайын тексеру үшін ұл баланы табылған бойда ауруханаға жеткізген. Емдеу орталығына оны кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша инспекцияның қызметкері алып барыпты.

Қазіргі таңда полицейлер балақайдың ата-анасын анықтау үшін жүмыстар жүргізуде.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ