Шымкентте танымал футболшы төрешіні соққыға жықты

0
3

Шымкентте футбол төрешісі ардагер жаттықтырушыдан таяқ жеді. Зардап шеккен Ержан Әлімқұловтың айтуынша, оқиға қалалық біріншіліктің апта сайынғы матчы кезінде орын алған деп хабарлайды BNews.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ашық дереккөзден
Оның айтуынша, танымал тренер Файзолла Ордабаев оны санамай кеткен голы үшін соққыға жыққан. Оның соққысынан жас жігіт футбол алаңына құлап түскен.

«Қатты ауырсынып, жерге құлап түстім. Осы сәтте Файзолла Ордабаев мені қатты тепті. Команда ойыншылары жүгіріп келіп, ашуға мінген футболшыны емес, мені сабырға шақыра бастады. Мен оған тіпті дауыс та көтермедім десем, олар менің жасымның кіші екенін алға тартып, шыдамдылық танытуға кеңес берді», — дейді Ержан Әлімқұлов.

Ал соққыға жығылған төрешіге алғашқы көмек көрсеткен жан табылмапты. Себебі турнир өтетін жерде жедел жәрдем каретасы да, полиция инспекторлары да болмаған.

«Адам көп жиналатын мұндай турнирлер дәрігерлер мен полицейлердің көз алдында өтуі керек. Себебі онда он төрт команда ойын көрсетті. Алайда олар болмағандықтан, ашуланған футболшыны менен айырып алып, алғашқы көмек көрсететін ешкім болмады», — дейді Әлімқұлов.

Соққыға жығылған Әлімқұлов футбол ардагерін сотқа беруге бекініп отыр.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ