Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

0
3

Сәрсенбі, 11 шілде күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото:ҚазАқпарат

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, атмосфералық ауаның ластануы тек Шымкент пен Балқаш қалаларында күтіледі. Еліміздің қалған қалаларында жайлы метеожағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ