Синоптиктер алдағы үш күндегі ауа райы болжамын жария етті

0
4

Синоптиктер 19-21 шілдеге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Фото: ҚазАқпарат

«Қазақстанның көптеген облыстары Ресейдің Еуропалық бөлігіндегі солтүстік аймақтарда таралған антициклонның ықпалында болады.

Сондықтан, ауа температурасы да орташа көпжылдық және одан жоғары мәнге ие болады. Жоғары атмосфералық қысым кезінде жеке аймақтарда ауа температурасы төмендемейді.

Алайда, найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Ал республиканың оңтүстік және оңтүстік-батыс облыстарына Иран аймағынан ыстық ауа ағыны келеді.

Мұнда ауа температурасы 38…42 градус, шөлді аймақтарда 45 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін», — делінген хабарламада.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ