«Славян базары»: Қазақстандық Әмре бірінші орынды қанжығаға байлады

0
6
Витебскіде өткен 26-шы «Славян базары» Халықаралық ән байқауында қазақстандық жас әнші Әмре жүлделі бірінші орынға ие болды деп хабарлайды NUR.KZ.
Фото: Facebook

156 ұпаймен румыниялық әншімен тең түссе де, қазылар алқасының шешімі бойынша Әмреге бас жүлде емес, бірінші орын бұйырған.

Бұл туралы әншінің өзі Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады.

«Алдыңғы кезеңде денсаулығыма байланысты ойдағыдай өнер көрсете алмадым. Бірақ ауырғанымды ешкімге айтпадым, сонда да жоғары ұпайға ие болдым. Аллаға шүкір, бүгін бәрі керемет болды!

Алланың қалауымен, Қазақстан 1-орынға ие болды. Румыния Бас жүлде алды. Ұпайларымыз бірдей болғанмен, әділ-қазылар шешімі осындай болды. Мен барымды салдым.

Қазақ елі! Дұға, тілектеріңізге үлкен рахмет. Сіздерге Бас жүлде сыйлай алмағаным үшін өз-өзіме сыймай, отыратын орын таппай отырмын. Мені қолдағандарыңыз үшін рахмет! Көріскенше! Әmre», — деп жазады ол.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ