Спорттан шеттетілген Ильин дисквалификациядан кейінгі алғашқы жарысында жеңімпаз атанды

0
4

Ауыратлет Илья Ильин дисквалификациядан кейін бірінші рет жарысқа шығып, 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы атанды, — деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасап Tengrinews.kz.

Фото: InAlmaty.kz

Талдықорғанда өтіп жатқан жарыста екі жаттығу қорытындысы бойынша Ильин 380 (172+208) келі көрсеткішке ие болды.

96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тағы бір қызылордалық 25 жастағы ауыратлет Рүстем Сыбай ел чемпионы атанды. 2015 жылғы Азия чемпионы екі жаттығу қорытындысында 378 (171+207) келі жинады.

Бұл Қазақстан чемпионаты Ильин үшін 2015 жылы желтоқсанда өткен жарыстан кейінгі бірінші додасы. Ол кезде ауыратлет Грозный қаласында РФ президентінің кубогын жеңіп алып, екі рет әлем рекордын орнатқан еді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ