Суға кеткен алматылық әйелді табу үшін канал деңгейі төмендетілді

0
1

Алматыда өзенге ағып кеткен әйелді іздеу үшін Үлкен Алматы каналының кейбір жерлерінде су 1 метрге төмендетілді. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

Оның айтуынша, әйелдің денесі әлі табылған жоқ.

«Үлкен Алматы каналының суын азайтқанның нәтижесінде кейбір жерлерде су деңгейі 1 метрге дейін төмендетілді. Ол жерлерде әйелдің туысқандары тінтіп жатыр», — деді  Руслан Иманқұлов.

Оның айтуынша, Есік қаласының құтқару қызметіне 23 шілде күні кешкі 17:19-да әйел адамның суға кеткені туралы хабар келіп түскен.

Баспасөз хатшысы Үлкен Алматы каналының кілем жууға емес, егістікті суаруға арналғанын атап өтті. Іздестіру барысында туыстары көрсеткен 18 шақырымға дейінгі аумақты сүңгуірлер тінтіп шықты.

«Әйелдің туыстары суғару шлюздерін тексеруді талап етті. Алайда, қауіпсіздік мақсатында сүңгуірлер шлюздерге түсірілмейтін болды. Бұл өте қауіпті. Бұл туралы туысқандарына да айтылды», — деді Р.Иманқұлов.

Айта кету керек, 32 жастағы Әсия Мұсаеваның денесі бүгін 3-тәулік іздестіріліп жатыр. Екі баласы бар келіншек үшіншісіне жүкті болған. Әйел жолдасымен бірге Есік багі атанып кеткен Үлкен Алматы каналына кілем жууға барғанда аяғы тайып суға құлап кеткен.

Осыған ұқсас қайғылы оқиға Астанада қаласында да болған еді. 43 жастағы әйел екі қызымен бірге суға кетіп, көз жұмған болатын. Олар Нұра-Есіл арнасының жағасында кілем жуған.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ