Су басу қаупі жоғары өңірлер белгілі болды

0
1

Бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин еліміздің қай өңірінде су тасқыны болуы мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Litany of Hate

«Ағымдағы жылдың 25 сәуіріндегі жағдайға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының аумағындағы Есіл өзені айрықша назар аудартып отыр. Бүгінгі күні Сергеев су қоймасына келіп жатқан су тасқынының екінші толқыны 1 метр 32 сантиметрді құрайды», — деді ол.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта «Челябі-Новосібір» республикалық маңызы бар автомобиль жолының үстінен су өтуіне байланысты көлік қозғалысына шектеу  енгзіліген.

Сондай-ақ, ол Павлодар облысы арқылы өтетін Ертіс өзеніне қатысты ахуалмен бөлісті.

  Вице-министрдің айтуынша, өзен бойындағы 9 елді мекен төтенше жағдайлар қызметінің жіті бақылауына алынған.    




ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ