Түркіменстан билігі ішімдік өнімдерін сатуға жаппай тыйым салуда

0
1

Түркіменстан астанасында және облыс орталықтарында алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынды. Түркімен билігі сауда нүктелерінен алкоголдік ішімдіктерді тәркілеумен айналысып жатыр. Бұл туралы Centralasian.org басылымына сілтеме жасаған UZYN.KZ.

Фото: Centralasian.org
Спиртті сусындармен күрес 5 шілдеде «Түркіменстанда 2018-2024 жылдарға арналған алкогольдің зиянды әсерімен күрес» ұлттық бағдарламасы қабылданғаннан кейін жүзеге аса бастаған.

Ашхабадтағы шолушы Аманмырат Бугаевтың хабарлауынша, бірнеше дүкеннің иелері спиртті сусындарды тәркілейтінін айтқан.

«Мен 10 шілдеде астанадағы «Мир» базары жанындағы дүкенде алкоголь өнімдерін қалай тәркілеп жатқанының куәсі болдым. Арнайы жұмысшылар келіп, жүктің бәрін көлікке тиеп жатты. Дүкен иелеріне полиция департаментіне баруды нұсқады», — дейді Бугаев.

«Түркіменстан хроникасы» басылымы да күш құрылымдарының барлық сауда дүкендерін тексеріп жатқанын жазған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ