«Түркістан – Ер Түріктің бесігі ғой!» атты республикалық әдеби байқау жарияланды

0
4

Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихы тереңге тамыр тартқан, Елбасы Жарлығымен облыс орталығына айналған Түркістанның мәртебесін көтеру және Түркістан қаласының облыс орталығына айналуының 1 (бір) жылдығына орай ұйымдастырылып отыр, деп жазады Massaget.kz.

Фото: Sputnik Казахстан

1. Жалпы ережелер

1. Байқау мерзімі 2019 жылдың 13 наурызы мен 7 маусымы аралығын қамтиды. 1.2. Байқау 2 (екі) жанр бойынша өткізіледі: — Поэзия (өлең, өлеңдер топтамасы, баллада, поэма); — Проза (эссе, әңгіме, повесть).

2. Байқау мақсаты мен шарттары:

2.1. Байқаудың мақсаты: — Түркістанның мәртебесін көтеру; — жас ұрпақ бойында төл тарихымызға деген қызығушылықты күшейту; — ақын-жазушылардың қоғамдағы беделін арттыру; — жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу; — жасөспірімдердің қазақстандық әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру; — қазіргі қазақстандық авторлардың шығармашылықтарын дәріптеу. 2.1. Байқаудың шарттары: — байқауға 2019 жылдың 13 наурызы мен 7 маусымы аралығында жолданған туындылар қатысады; — байқауға республикамыздың барлық аймағынан кез-келген қаламгер қатыса алады; — байқау қазақ тілінде өтеді және қатысушының жасына шек қойылмайды; — байқауға қатысушы Түркістан қаласының тарихына (жер, су, тарихи орындар, тарихи тұлғаларға) қатысты аңыз-әңгіме мен деректер, тарихи оқиғалар бойынша жазылған шығармаларын ұсына алады; — бір автор бір жанр бойынша ғана байқауға қатыса алады;

3. Байқауды ұйымдастыру және өткізу мерзімі

3.1. Байқауды ұйымдастырушы – Түркістан облысының Ішкі саясат басқармасы және «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі; 3.2. Ұйымдастырушы комитет жауапты және жүзеге асырады: — байқауды және ағымдағы ұйымдастыру жұмыстарының жалпы басшылығын жүзеге асырады; — байқауға түскен шығармаларды сараптап, талапқа сай қабылдайды; — байқауды ақпараттық қолдауды жүзеге асырады; — Байқау барысы мен қорытындысын БАҚ-да жариялануымен айналысады; — марапаттау салтанатын дайындайды және өткізеді. — әрбір жанр бойынша қазылар алқасын тағайындап, шығармаларды саралайды. 3.3. Байқауға түскен шығармаларды бағалау үшін әділ қазылар алқасы ақын-жазушылардан, ғалымдардан, сыншылардан, кітапханашылардан, өнер және мәдениет қайраткерлері мен қоғам қайраткерлерінен құралады.

4. Шығармаларды бағалау шарттары

4.1. Байқауға қатысушылар өнерін бағалаудың негізгі белгілері: — таңдалған шығармалардың байқау ережелеріне сәйкестігі; — таңдап алынған шығарманың өзіндік ерекшелігі; — мәтіннің бейнелік желісі мен мазмұндық құрылымын терең сезінуі; — шығарманың көркемдік деңгейінің жоғары болуына, тарихи деректердің нақты және бұрмаланбауына назар аударылады.

5. Қатысушыларды марапаттау

5.1. Қазылар шешімімен әр жанр бойынша үздік деп танылған шығармалар марапатталады.

Поэзия жанры бойынша:

• Бас жүлде – 500.000(бес жүз мың) теңге • 1-орын – 300.000(үш жүз мың) теңге • 2-орын – 200.000(екі жүз мың) теңге • 3-орын – 150.000 (жүз елу мың) теңге • Қосымша 3 қатысушыға ынталандыру сыйлығы – 50.000(елу мың) теңгеден;

Проза жанры бойынша:

• Бас жүлде – 500.000(бес жүз мың) теңге 1-орын – 300.000(үш жүз мың) теңге • 2-орын – 200.000(екі жүз мың) теңге • 3-орын – 150.000 (жүз елу мың) теңге • Қосымша 3 қатысушыға ынталандыру сыйлығы – 50.000(елу мың) теңгеден.

5.2. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2019 жылы 19 маусым күні Елбасының Түркістан қаласын облыс орталығына айналдыру жөніндегі Жарлығының 1 (бір) жылдығына орай Түркістан қаласында өткізіледі.

6. Жұмысты рәсімдеу талаптары

6.1. Байқауға шығармаларды қабылдау мерзімі: 2019 жылдың маусым айының 7-іне дейін. Шығарма мына электронды почта бойынша қабылданады: turkistan_baikay@mail.ru 6.2. Ұсынылған шығарманың қаріп өлшемі – 14, Times New Roman, 1,5 интервалмен жазылуы тиіс. 6.3. Поэзия аталымы бойынша шығарма көлемі – 16 беттен ( 1 баспа табақ), проза аталымы бойынша 25 беттен (1.5 баспа табақ) аспауы керек. 6.4. Жолданған шығарманың алғашқы бетіне жанр атауы жазылуы тиіс. Міндетті түрде мына төмендегі мәліметтер көрсетілуі тиіс: — автордың толық аты, әкесінің аты және тегі; — қысқаша шығармашылық өмірбаяны мен шығармалары; — мекенжайы, байланыс телефоны; 6.5. Байқау материалдары авторларға қайтарылмайды.

Қосымша сұрақтар бойынша 87763093055 телефон нөміріне хабарласуға болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ