Түркістан облысындағы құрылыс бөлімінің басшысы 12 млн теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды

0
3

Түркістан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің Құрылыс бөлімі басшысының қылмыстық әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Көрнекі фото: Myfin.by

Ол ЖШС өкілінен 12 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Күдікті Сайрам ауданы Ақбай ауылындағы орта мектептің қосымша корпусының құрылыс жұмыстарына жалпы сомасы 400,5 млн теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасағандағы үшін делдалдар арқылы бөлік-бөлігімен ақша алып отырған.

Күдікті қылмыс үстінде ұсталды және қамауға алынды.

Сондай-ақ делдалдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ