Түркістан облысында «Палау орталығы» жанып кетті

0
4

Түркістан облысында «Палау орталығы» жанып кетті. Төтенше жағдай Сайрам ауданының орталығы Ақсукент ауылында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

Өңірдің Төтенше жағдайлар департаментіне дәмхананың өртеніп жатқаны туралы хабар таңғы сағат 5:58 шамасында түскен.

«Өрт сөндіру қызметіне Жібек жолы көшесінің бойындағы «Палау орталығынан» өрт шыққаны туралы хабар жеткен. Онда дәмхананың шатыры мен жазғы тапшандары өртеніп жатқаны туралы айтылған.Оқиға орнына 20 сөндіруші мен 3 техника шықты. Жалын 6:34-те ауыздықталып, 7:28-де толықтай сөндірілді. Өрт шарпыған аумақ 236 шаршы метрді құраған. Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ. Жалынның қайдан шыққаны анықталып жатыр» делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ