Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарындағы өзендерде су деңгейі көтеріледі

0
2

Бірнеше өңірде нөсер жаңбыр жауатын болғандықтан таулы жердегі өзендерде су деңгейі көтеріледі, деп хабарлайды UZYN.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Фото: Depositphotos

18-20 мамырда болжамға сәйкес, көп мөлшерде жауын-шашын түседі деп күтілетіндіктен Түркістан облысындағы тау беткейлерінде ағын қалыптасады және өзендердегі су деңгейі көтерілуі ықтимал.

19-20 мамырда кей жерлерде қатты жаңбыр жауады деп болжанғандықтан,  Жамбыл және Алматы облыстарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында беткейлерден ағатын су көбейіп, өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін.




ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ