Түркияда екі пойыз соқтығысып, төрт адам қаза тауып, зардап шеккендер саны артуда

0
0

Түркияның астанасы Анкарадағы Марсандиз станциясында екі пойыз соқтығысты, — деп хабарлайды Reuters.

Фото: Newstes.ru

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, апат салдарынан төрт адам қаза тауып, 43 адам жарақат алған.

Оқиға таңғы 6:30-да (Астана уақыты бойынша 09:30-да) болған. Пойыз Анкарадан Коньяға бара жатқан.

Оқиға орнына құтқару, жедел жәрдем қызметтері келді. Адамдарды үйінділер астынан шығарып жатыр. Марсандиз Анкара темір жол вокзалынан сегіз шақырым жерде орналасқан.

Пойыздардың соқтығысу кезіндегі жылдамдығы әзірге белгісіз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ