Тәжікстан мен Қырғызстанда жер сілкінді

0
0

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясы» ММ стансалар желісі 2018 жылдың 23 шілдесі күні екі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

Біріншісі Алматы уақытымен 2 сағат, 23 минут 08 секундта тіркелді.

Оның эпицентрі Алматыдан 332 км оңтүстікте, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты — 10.1. MPV магнитудасы — 4.6. Ошағының тереңдігі 10 км.

Екінші жер сілкінісі Алматы уақытымен 5 сағат 06 минут 12 секундта тіркелген. «Эпицентрі Алматыдан 519 км оңтүстік-батыста, Тәжікстан, Қырғызстан және Қытай шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты — 10.0. MPV магнитудасы — 4.3. Ошағының тереңдігі 20 км», — делінген хабарламада.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ