Тағайындау: Аудан әкімі аппаратының жалпы бөліміне жаңа басшы тағайындалды

0
8

Жамбыл ауданы әкімі аппаратының жалпы бөліміне жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметті енді Мөлдір Махаббатқызы атқаратын болады деп хабарлайды UZYN.KZ.

Мөлдір Махаббатқызы. Фото: Instagram

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 19 бабының 2 тармағына сәйкес Бигельдиева Мөлдір Маxаббатқызы 2018 жылдың 16 шілде айынан бастап, аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Мөлдір Маxаббатқызы 1984 жылы Алматы облысы, Іле ауданы, Ақши ауылында дүниеге келген.

Атқарған соңғы қызметі-Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапxанасы директорының ақпараттық ресурстар жөніндегі орынбасары.

Аудан басшысы Бағдат Байшалұлы Әлиев жаңа қызметіне сәттілік тілеп, сенімін білдірді.

Естеріңізге салар болсақ, Мөлдір Маxаббатқызы Бигельдиеваға дейін, аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы Ашекеева Нұрбүбі Ертісбайқызы Қарасай ауданы әкімінің кеңесшісі болып ауысқан.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ