Таңбалыдағы той: Табиғи қорық мұражайының туристерге арналған кешені ашылды (фото)

0
15

Ғасырлар мұрасы болып келген, түркі дүниесі шежіресінің бастауы болып табылатын қайнар көзі «Таңбалы тас» ашық аспан астындағы табиғи қорық мұражайының қонақтар мен туристерге арналған кешені ашылды деп хабарлайды Жамбыл ауданы әкімдігінің Facebook парақшасына сілтеме жасаған UZYN.KZ.

Фгото: Жамбыл ауданы әкімдігінің Facebook парақшасы

«Бұл – идеологиялық маңызы терең мәнді бастама, көшпенділер өмірінен сыр шертетін құнды мұраға деген зор ықылас деп санаймын» — деп сөз бастаған аудан басшысы Бағдат Әлиев табиғи қорық мұражайға келуші саяхатшыларға қолайлы жағдай жасалғандығын тілге тиек етті.

Фото: Жамбыл ауданы әкімдігінің Facebook парақшасы

Ауданымыздың аумағында орналасқан ашық аспан астындағы жәдігерлер қазақ халқының ғана мақтанышы емес, 2004 жылы ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне еніп, қорғауға алынған тарихи орын отандық туризмді де дамытуымызға үлкен мүмкіндік береді.

Фото: Жамбыл ауданы әкімдігінің Facebook парақшасы

ЮНЕСКО тарапынан елімізге берілген мемлекеттік сатып алу бағдарламасы аясында жерлесіміз Альжанова Галина Георгиевна және «Таңбалы тас» табиғи қорық мұражайының директоры Бигелдиев Абай Сәдуақасұлының бірлескен жоспары барысында іске қосылған кешен бүгін Таңбалы шатқалының ажарын асырып, келбетін көркейтері анық.

Фото: Жамбыл ауданы әкімдігінің Facebook парақшасы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ