Талғар қаласының тұрғындары Алматы облысы әкімімен кездесті

0
3

Облыс әкімі А. Баталов Талғар қаласындағы «Мелиоратор» және «Бозторғай» шағын аудандарында болып, ондағы көп қабатты үйлерге жылуды үздіксіз беру жұмыстарының барысын көрді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап UZYN. KZ.

Фото: zhetysu.gov.kz

Бұл шағын аудандарда орталықтандырылыған жылу жүйесіне қосылмаған көп пәтерлі үйлер өткен жылғы қыста біраз қиыншылық көрген болатын. Соған байланысты облыс әкімі сол уақытта жағдайды көзімен көріп, мәселені шешудің нақты жоспарларын айқындап, тиісті мекемелерге тапсырмалар берген еді.

Соның нәтижесінде «Мелиоратор» шағын ауданында 360 пәтерлі 17 тұрғын үйді жылу жүйесіне қосу мақсатында 4 блокты-модульды қазандық, ал «Бозторғай» шағын ауданындағы 178 пәтерлі 6 көп қабатты тұрғын үй үшін 2 блокты-модульды қазандық орнатылған.

Облыс әкімі А. Баталовпен кездесуге келген аталмыш шағын аудандар тұрғындары түйінді мәселені шешіп берген облыс басшылығына ризашылықтарын жеткізді.

Өз сөзінде А. Баталов:

— Қазіргі кезде орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмаған үйлердің санын анықтап, олардың мәселесін кезең-кезеңімен шешу мақсатында арнайы бағдарлама әзілеп жатырмыз. Биыл пәтерлеріңізді жылыту мәселесі шешілсе, алдағы жылда үйлеріңізге ыстық су кіргізілетін болады. Аулаларыңызда балалардың ойын алаңы, спорт алаңдары жасалып, жолға асфальт төселеді. Аулаларыңыз толықтай абаттандырып, көркейтіледі, — деді.

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ