Талдықорғанда қонақүй қызметкерінен ақша бопсалаған жалған «полицей» ұсталды

0
3

 Алматы облысында полицейлер өзін тәртіп сақшысы ретінде таныстырып, қонақүйлердің бірінен ақша бопсалаған 32 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап UZYN. KZ.

Фото: Today.kz

«Полицияға қонақүй администраторы шағым түсіріп, белгісіз бір ер адамның алдап 150 мың теңгедей төлеткізгенін хабарлаған. Күдікті өзін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша өңірлік басқарманың қызметкерімін деп таныстырып, әртүрлі мемлекеттік құрылымдар тарапынан тексеріс болады деп қорқытқан», — деп мәлімет берді полицейлер.

Ер адам, шамамен, екі-үш ай ішінде жәбірленушіден 30-40 мың теңгеден бопсалап алып отырған.

«Ер адам сол қонақүйде ұсталып, қалалық полицияға жеткізілді. Ұсталған азамат 32 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны екен, оның басқа да қылмыстарға қатысы бары анықталып жатыр», — деп хабарлайды полиция.

Талдықорған полицейлері сотқа дейінгі тергеулермен айналысуда.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ