Талдықорғанда каратэден ел чемпионаты өтеді

0
0

16 желтоқсан күні Талдықорған қаласының «Өркен» спорт кешенінде киокушинкай каратэден қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының ХІІ Ашық Чемпионаты мен Ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының ХV Кубогын өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауының ЖЕТІНШІ бағытында бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру қажет екенін баса айтты. Осы мақсатта Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен «Бүкілқазақстандық киокушинкай каратэ ұйымы» РҚБ Алматы облыстық филиалы Жетісу жерінде каратэден республикалық шараларды ұйымдастыруға ұйытқы болуда» — дейді ұйымдастырушылар.

Жетісу жерінде алғаш рет өткізілетін шығыс жекпе-жегінің дүбірлі додасына «Қазақстан Республикасы Жауынгерлік өнер ассоциациясының вице-президенті, Қазақстан бойынша жалғыз қара белбеу 7 дан иегері Тәжімұрат Найзабековқатысады. Сонымен қатар, шихан Т. Найзабеков басшылық ететін «Бүкілқазақстандық киокушинкай каратэ ұйымы» РҚБ құрамындағы еліміздегі облыстық филиалдардың жетекшілері мен каратэнің қыр-сырын меңгерген 500-ден астам спортшы Талдықорғанда бас қоспақ.

Қыздар арасындағы ел чемпионатына 10 жастан жоғары қыздар мен әйелдер қатысса, ерлер арасындағы ХV Қазақстан Республикасының Кубогын 18 жастан асқан жігіттер сарапқа салып көрмек.

Сэнсэй Сания Қасабаева жетекшілік ететін Алматы облыстық филиалының атынан қатысатын отыздан астам спортшы Жетісу жерінің намысын қорғап, татамиде бар өнерін көрсететін болады.

Айта кетейік, «Бүкілқазақстандық киокушинкай каратэ ұйымы» РҚБ жиырма жылдан астам уақыт ішінде әлемдік додаларда еліміздің байрағын талай көкке желбіреткен ұйым екені мәлім. Еліміздің барлық өңірінде каратэнің осы бағыты бойынша 20 мыңнан астам спортшыға шығыс жекпе-жегін меңгеруге мүмкіндік жасалған.

 


 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ