Талдықорғанда комикстер фестивалі өтті

0
2

Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Талдықорғанда комикстер фестивалі өтті. Шараға комикс құрастырушылар мен қаланың ең жас тұрғындары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

Шараның мақсаты қазақша комикстер арқылы жастарды кітап оқуға тәрбиелеп, қазақ батырларына деген сүйіспеншілігін ояту, жаңа кейіпкерлерді дәріптеу арқылы отандық комикстерді дамыту. Себебі комикс жанры кино мен кітап ортасындағы дәнекер. Түрлі-түсті суреттер мен ондағы әңгімелер балалардың оқиға желісін жылдам қабылдап, тез түсінуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ комикстер арқылы кәсіп жүргізуге де болады. Белгілі бір кейіпкердің ойыншықтарын шығарып, бейнесін оқу құралдары мен киім-кешек және ыдыс-аяққа салуға болады, дейді ұйымдастырушылар.

Фестиваль аясында компьютерлік ойындардан жарыс өтіп, оқушылар түрлі-түсті текше жинаудан өзара сайысты. Ал комикс шығарушылар өздерінің туындыларын балаларға тегін ұсынды.

Сондай-ақ қонақтар түрлі кейіпкерлермен суретке түсіп, өздері де ертегі кейіпкерлерінің киімін киіп келді. Шараға тәжірбиесімен бөлісуге шетелдік мамандар келіп, 13 компания өз өнімдерін ұсынды.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ