Талдықорғанда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды (фото)

0
6

Талдықорғанда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды. Бірінші орын екі отбасына берілді деп хабарлайды Хабар 24 арнасына сілтеме жасаған UZYN.KZ.

Кәрібаевтар отбасы. Кадр: Хабар 24

Байқаудың облыстық кезеңінде 400-ден астам отбасы бақ сынаған болатын. Солардың арасынан 8 жанұя жүлдеге ілікті. Бірінші орын екі отбасына берілді. Енді олар республикалық байқауда Алматы облысының намысын қорғайтын болады.

Талдықорғандық Рахымбековтер мен Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында тұратын Кәрібаевтар отбасы байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанып, 1 миллион теңгеден ұтып алды.

Енді олар республикалық байқауда бақ сынап көреді. Жамбыл ауданының атынан сынға түскен Кәрібаевтардың туған екі ұлы бар. Олар өткен жылы 7 бала асырап алған.

«Олар – неміс, орыс, украин, белорус, шешен балалары. Біз осы жүлдені алып отырғанымызға өте қуаныштымыз!», —  байқау жеңімпазы Әлия Кәрібаева.

«Мен әкемді, анамды жақсы көремін. Мен отбасымды жақсы көремін. Біз мерейлі отбасымыз!», — дейді қуанышы қойнына сыймаған байқау жеңімпазы  Алина Чащина.

«Бұл байқау біздің мемлекетімізге және осы елде өмір сүріп жатқан әрбір отбасы үшін аса қажет. Өйткені ұлттың болашағы келешек ұрпақтың қолында», – дейді айдынды Алакөлдің жағасынан келіп, жүлделі екінші орынға ие болған Дүйсебаевтар әулетінің отанасы.

«Бұрынғының артымыз, кейінгінің қартымыз. Сондықтан біз өзіміздің ата-бабамыздан үйренгенімізді келешек ұрпаққа беруге әзірміз», — дейді Алакөл ауданының тұрғыны  Ұлжалғас Дүйсебаева.

Байқаудың облыстық кезеңіне 400-ден астам отбасының қатысуы тегін емес. Бұл «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетсе керек.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ