Талдықорғанда жаңа жылдық демалыс күндері 41 сәби дүниеге келді

0
3

Талдықорғанда жаңа жылдық демалыс күндері 41 сәби дүниеге келді. Оның 24-і қыз бала болса, 17-і ұл, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: PressFoto

«2019 жылы ең бірінші дүниеге келген сәби қыз бала. Салмағы 2 келі 700 грамм. Дәл қазіргі сәтке дейін 41 нәресте өмірге келді. Сәбилердің де, аналардың да жағдайлары жақсы», — деді Талдықорғандағы перинаталдық орталықтың директоры Қанат Қалиханұлы.

Перзентхананың бас дәрігерінің айтуынша, Талдықорғанда әзірге егіз немесе үшем сәбилер туылмапты.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ