Талдықорғандық 300-ге жуық студент сайлауға қолдау білдірді

0
3

Талдықорғандық студенттер «Жастар — елдің болашағы» атты флешмоб өткізді. Саяси науқанға қолдау білдіруді мақсат еткен шараға 300-ге жуық жас қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

«Бұл сайлау біздің ел ертеңімізді, тарихымыздың қалай болатынын, алдағы тарих қалай жазылатынын анықтайды. Баршаңызды осы сайлауға жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Жетісу жастары — біз сайлауды толығымен қолдаймыз, қатысамыз», — деді шараға қатысушы Дәурен Берікболұлы.

  Флешмобқа өңірдегі политехникалық колледж бен өзге де оқу орындарында білім алып жатқан шәкірттер белсенділік танытты. Олар батыс пен шығыстың би үлгілерінен құралған композиция арқылы елімізде өткелі жатқан саяси науқанды қызу қолдайтындарын жеткізді. Өзге елдердің би мәнері мен өзіміздің «Қара жорғаны» араластыра билеген жастар флешмоб барысында күн мен күннің шуағын бейнеледі.

  Ол «Шуақты күндерде жүздесейік, біз еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың жалғасқанын қолдаймыз», — дегенді білдіреді дейді ұйымдастырушылар. «Алда өте жауапты кезең — сайлау келе жатыр. Бұл кезекті сайлау ел болашағын ойлау деген сөз. Сайлаудың маңыздылығы біздің еліміздің ертеңгі болашағында деп білемін. Барша Жетісу жастарының атынан осы сайлауға қатысамыз және белсенділік танытамын деп сеніммен айта аламын», — деді шараны ұйымдастырушы Айдана Арсалан.




ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ