Танымал продюсерді шетелдегі «қазақ» қызының оқиғасы жылатты

0
4

Танымал қазақстандық продюсер Алпамыс Шаримовты Ирландияда тұратын қазақ қызының тағдыры жүрегін елжіретті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Facebook

Алпамыс өзінің Facebook-тағы парақшасына Голливудта кездестіріп қалған қазақ қызы жайлы жазба қалдырыпты. Онда ол шетелдегі қазақ балаларының көптігіне күйініп, Таняның осындай өмір кешіп жүргеніне еш кінәлі еместігін жазған.

Алпамыстың жазбасына қарағанда Таня есімді қазақ қызы Өскеменде дүниеге келген. Оны ирландиялық ата-анасы балалар үйінен алып кетіп, асырап алған көрінеді.

«Ұлтың орыс па сонда» деп сұрадым. «Жоқ, мен өзімді қазақпын деп санаймын. Биологиялық Әкемнің кім екенін білмеймін, славян ұлты болса керек. Ал биологоиялық мені тастап кеткен анамның ұлты — таза қазақ. Сондықтан да мен қазақпын! Мен арнайы зерттеулер жүргізіп оның қазір қайда тұратынын таптым. Балқаш деген жерде тұрады. Өз отбасы бар екен. Қазақстанға барып, анамды, туған жерімді бір көру арманым,» — дейді, шетелдік асырып алған қазақ қызы! Кеудеме жиналған жасты көзімнен шығармай шыдап тұрдым, «Қазақстанға келсең көмек қолын берер ағаң бар» деуден басқа ештеңе дей алмадым. Шаранасын тастап кеткен опасыз қазақ қызының ұрпағы шетелде мені бауырындай көріп, бар сырын ақтарып жан дүниеме кіреді деп ойламаппын. Жігіттердің @bastau.group домбырасы туралы сұрап, Қазақстан туралы сұрап жаны шығып барады қарындасымыздың…», — деп жазды Алпамыс.

Сөз соңында продюсер Танядан өз отанында өмір сүре алмай жүргеніне еш кінәлі еместігін айтып, ренжімеуін өтінген.

«Ренжіме қазақ қызы, сен ештеңеге кінәлі емессің, өз Отаныңда өмір сүре алмай жүргеніне! Ренжімеші, бізде жүрек жоқ — біз сондаймыз!..», — деді Шаримов.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ