Танысын балтамен ұрып өлтірген қостанайлық әйел сотталды

0
22

Танысын балтамен ұрып өлтірген 33 жастағы облыс тұрғыны сот алдында жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Көрнекі сурет

Қайғылы оқиға Қарасу ауданында болған. 33 жастағы Елена Жұмабаева өз үйінде таныстарымен бірге спирттік ішімдік ішеді. Түн ортасына қарай сотталушының бір қонағы үйден кетіп қалған.  Е.Жұмабаева үйдің дәлізінде ұйықтап жатқан екінші танысын көреді. Мұнан соң олардың арасында жанжал туындаған. Сәлден кейін ол танысының басына балтамен алты соққы жұмсайды. Салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.

33 жастағы әйел ҚР ҚК 99-бабы бойынша сот алдында  жауап берді. Сот шешімімен оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  Жазасының жеңілдеуіне кәмелеттік жасқа толмаған  4 баласының бары және қылмыс жасалған уақытта мас күйінде болғаны себепке алынды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ