Таразда 6 жасар қыз терезеден құлап мерт болды

0
3

Таразда 6 жасар қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: 7ka.tv

«Ата-анасының қарауынсыз қалған алты жасар  бала бесінші қабаттағы терезеден құлаған. Ол ауруханаға жатқызылды», — делінген ТЖД хабарламасында.

Оқыс оқиға Самал шағын аудандағы үйлердің бірінде болған. Ес-түссіз күйде ауыруханаға жеткізілген қыздың өмірі үшін дәрігерлер бар күштерін салып күрескен.

Өкінішке орай, олар баланы аман алып қала алмаған.

Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, бүлдіршіннің жарақаты қатты ауыр болған.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ