Таразда денесі табылған әйелдің кім екені анықталды

0
4

Жамбыл облыстық Ішкі істер департаменті Таразда су арнасынан денесі табылған әйелдің жеке басына қатысты мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған UZYN.KZ.

Фото: Ганцавіцкі час

Айта кетейік, Тараздағы «Базарбай» су арнасынан жергілікті тұрғындар әйел адамның денесін тауып алды. Үстіндегі киімімен жатқан әйелдің денесін судан Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің «Жедел-сақтандыру отряды» ММ-нің өкілдері алып шықты.

«25 маусым күні Тараз қалалық Ішкі істер департаментінің 1 полиция бөлімінің кезекшісіне Төле би көшесінің бойындағы су арнасынан әйел адамның мәйіті табылғандығы туралы хабар түсті»,-деп мәлімдеді Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына шыққан жедел тергеу тобының өкілдері әйел адам табылған орынды тексерді.

Ол жерден әйелге көрсетілуі мүмкін зорлық-зомбылық әрекеттерінің белгілері табылмады. Әйелдің аты-жөні анықталды».

Тексеру жұмыстары барысында белгілі болғанындай, 56 жастағы әйел екі баласын жалғыз өзі тәрбиелеп келген. Ішімдікке салынған және қаңғыбас болып жүрген, деп нақтылады ведомство өкілдері. Аталған факт бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ