Тараздадағы жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

0
22

Таразда жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасағандар қолға түсті. Бұл туралы бүгін өткен брифинг барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: Sputnik Казахстан

«Шымкент қалалық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері Таразда автомобильге жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасап, 500 мың теңгені  алып кеткен 3 күдіктіні ұстады», — деді Алмас Садубаев.

Сонымен қатар, ол Қостанайда жеке тұрғын үйге пневамтикалық тапаншамен қарақшылық шабуыл жасап, егде азаматтың мүлкін алып кеткен жергілікті тұрғынның да қолға түскенін айтты.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ