Теннис: Путинцева Нюрнберг турнирінің ширек финалына шыға алмады

0
6

Қазақстандық Юлия Путинцева Нюрнберг турнирінің екінші айналымында америкалық Элисон Рискемен кездесті деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған UZUN.KZ.

Путинцева. Фото: sports.kz

Бірінші айналымда әлемнің 10-ыншы ракеткасы, америкалық Слоан Стивенсті жеңген қазақстандық теннисші матчты сәтті бастап, 2:0 есебімен алға шықты. Содан кейін де ойын тізгінін уысынан шығармай, басымдылық көрсетті. Есеп — 6:3.

Екінші сетте Элисон 6:4 есебімен есе қайырды.

Үшінші, шешуші партияда америкалық спортшы 5:2 есебімен алға кетті. Бұдан кейін Юлия есепті 4:5-ке дейін қысқарта алды. Әйтсе де өзі доп берген сәтті пайдалана алмай, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Э.Риске жартылай финалға шығу үшін румыниялық Сорана Кырстямен таласады.

Сөйтіп бейсенбі күні қазақстандық үш теннисшінің де жолы болмады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Дияс пен Михаил Кукушкиннің жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ