Тимур Сүлейменов: Қазақстанда орташа айлық жалақы 152 мың теңгеден асты

0
2

Қазақстанда орташа айлық жалақы 152,3 мың теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ҚазАқпарат

Сүлейменовтің мәліметінше, жоғары өндірістік белсенділік еңбек нарығындағы көрсеткіштерге оң әсер еткен. Биылғы жылдың басынан бері 134,8 мың адам жұмысқа орналастырылған. Сонымен бірге сәуірде жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз қалып, 4,9%-ды көрсеткен.

«Жалақы үдемелі қарқынмен өсіп жатыр. Биылғы жылдың қаңтар-сәуірінде орташа айлық жалақы 152,3 мың теңгені құрап, нақты көріністе 1,2%-ға өсті», — деді Сүлейменов үкімет отырысында.

Сондай-ақ, министр биылғы жылдың қаңтар-мамырында ЖІӨ өсімі 3,9%-ды көрсеткенін атап өтті. Экономиканың көтерілуіне инфляциялық процестердің баяулауы мен жоғары инвестициялық белсенділік ықпал еткен.

Инфляция жыл басынан бері 2,4%-ды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,9 процентке төмен.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ