Тоқаев мектеп түлектерін құттықтады

0
0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп түлектерін «соңғы қоңырау» күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Фото: Tengrinews.kz

«Құрметті түлектер! Баршаңызды бүгінгі ерекше жағдайда өтіп жатқан «соңғы қоңырау» күнімен құттықтаймын! Асыл армандарыңыз орындала берсін! Болашақтарыңыз жарқын болады деп сенемін!Жас ұрпақты ғажайып білім әлеміне жетелейтін ұстаздар қауымына қажырлы еңбектері үшін алғыс айтамын!», — деді Президент Twitter желісіндегі парақшасында. 

Бүгін карантинге байланысты елімізде соңғы қоңырау онлайн форматта өтті. Қазақстандық оқушылар аттестатын 3-4 маусымда ашық алаңда алады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ