Триатлон: «Almaty Asian Cup 2018» турнирінің алғашқы жүлделері қонақтарға бұйырды

0
14

Алматы қаласында триатлоннан алғаш рет өтіп жатқан «Almaty Asian Cup 2018» турнирінің алғашқы жарыс күні әйелдер арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

 

 

 

ҚР ҰОК таратқан мәліметке сүйенсек, әйелдер арасындағы сынға 16 спортшы қатысқан.

Нәтижесінде, алтын жүлдені Жапония елінің өкілі Ниина Кишимото жеңіп алды. Күміс жүлдені тағы бір жапониялық спортшы Хираку Фукуока иеленсе, үздік үштікті Оңтүстік Корея спортшысы Джи Юн Ки қорытындылады.

Қазақстан атынан сынға түскен ITU спортшысы Арина Шульгина төртінші орынды қанағат түтты.

Өзге де қазақстандық спортшылардың көрсеткіші төмендегідей: Надежда Бекмағамбетова (9-орын), Ашраф Камалова (10-орын), Анастасия Автушко (11-орын).

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ