Украина ТМД-дан ресми түрде шықты

0
3

Украина үшін ТМД аясында жекелеген халықаралық шарттардың әрекетін тоқтату туралы жарлық жарияланды. Тиісті құжат Украина президенті Петр Порошенконың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды UZYN.KZ.

«Украина конституциясының 107-бабына сәйкес: «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында қол қойылған Украина үшін жекелеген халықаралық шарттардың әрекет етуін тоқтату туралы» 2018 жылдың 2 мамырындағы Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің шешімін қолданысқа енгізуге қаулы етемін. Осы жарлық жарияланған күннен бастап күшіне енеді», — деп жазылған Порошенко қол қойған құжатта.

Жарлыққа 19 мамыр күні қол қойылды. Сол күні Порошенко ТМД-дағы органдарынан ел өкілдерін шақыртып алды. Президент «енді оларға ол жақта істейтін ештеңе қалмады, біз бірге Еуропаға бет аламыз» деп меңзеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ