Василий Левит Президент Кубогында үндістандық боксшыны нокаутқа жіберді

0
2

Қазақстандық боксшы Василий Левит бокстан ҚР Президенті Кубогында бірінші жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалда Левит үндістандық Санжит Санжитпен айқасты. Екінші раундта қазақстандықтың сәтті шабуылынан кейін Санжит нокдаунға түссе де, жекпе-жекті жалғастырды. Кейін Василий қарсыласының басына қатты соққы беріп, оны нокаутқа жіберді.

Василий Левит 8 маусымда ширек финалда қытайлық боксшы Ванг Жибаомен рингтке кездеседі. Еске салайық, ҚР Президентінің Кубогы 5 маусымда Астанада басталып, 10 маусымға дейін жалғасады. Жыл сайынғы турнирге 15 елдің әуесқой боксшылары қатысады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ