Велосипед мінген қарияны көлік қағып кетті

0
4

Батыс Қазақстан облысында велосипед мінген қарияны автокөлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: BB30.ru

Қайғылы оқиға  Орал-Атырау жолы бойында, қалаға қарасты Серебряков кенті тұсында орын алды.

Кент тұрғындарының сөзіне қарағанда, қатты жылдамдықпен келе жатқан «Шаран» автокөлігі жолдың Серебряковпен қиылысында велосипедпен өтейін деп бара жатқан сексен жастағы Қ. есімді қартты қағып кеткен.

Марқұм бау-бақша салатын баласына көмектесу үшін барып-келіп жүреді екен. Оқиға сағат 07.20 шамасында болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдемге қоңырау сағат 08.10-да шалынған. Жедел жәрдем көлігі 08.25-те жеткен.

Қария жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ