Витебск қаласында Роза Рымбаеваның “жұлдызы” пайда болды (видео)

0
4

Роза Рымбаева Беларусь елінің Витебск қаласында сапарлап жүр. Халық артисінің жат елде жүруі бекер емес. Ол кезінде Димашқа жеңіс әкелген “Славян базары” байқауында төрелік етуде, деп хабарлайды Stan.kz-ке сілтеме жасаған UZYN.KZ.

Фото: Stan.kz

Әріптестері өнер иесін кезекті жетістігімен құттықтап та үлгерді. Мәселен, Тамара Асар Рымбаеваның бұл жетістігін күллі қазақ елінің жеңісіне балады.

“Сүйінші, құрметті отандастар! Бүгін Славян базары фестивалі аясында, Витебск қаласында “Жұлдызды Алаңда салтанатты түрде Қазақ эстрадасының примадоннасы Роза Қуанышқызы Рымбаеваның жұлдызы ашылды. Жұлдызы жарқыраған жұлдызымыз айқындана түсті. Қуаныштымын сіз үшін, қазақ елі үшін! Құттықтаймын сізді!” – деді ол.

“Ура, ура, құттықтаймын! Роза Рымбаеваның өз жұлдызы бар”, – деп құттықтады Ләйлә Сұлтанқызы.

#РозаРымбаева #RozaRymbaeva #RozaTeam #ЗвездаЗвезде

Публикация от Роза Рымбаева (@rozarymbaeva)

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ