Ыстықкөлде қазақстандық туристер отырған автобус жол апатына ұшырады

0
3

Ыстықкөлде қазақстандық туристер отырған автобус жол апатына ұшырады, — деп хабарлайды «Sputnik Қырғызстан».

Фото: © Sputnik.kg

Басылымның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 11 тамызда кешкі уакытта Тамшы ауылында болған.

«Қазақстандық туристер отырған автобус Бостеріден келе жатып, Lexus маркалы көлікпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ», — деп хабарлады аудандық ІІБ өкілдері.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ