Ыстықкөлде қазақстандық жүрек талмасынан қайтыс болды

0
2

Қазақстан азаматы Ыстықкөлде жүрек талмасынан қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.

Фото: ашық дереккөзден

«Ыстықкөл (Қырғызстан) жағалауындағы Бостері кентінде 1979 жылғы Қазақстан азаматының қайтыс болғанын растаймыз. Марқұмның денесін туыстары бүгін алып кетеді. Оларға консул барлық қажетті көмекті көрсетуде. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша ол жүрек талмасынан көз жұмған», — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, марқұм демалуға Шымкенттен келген.

Еске сала кетсек, бұған дейін 5 тамызда құқық қорғау органдарына Бостеріде  ер адамның көз жұмғаны туралы ақпарат келіп түскен.

Ер адамның денесі коттедждегі нөмірден табылған.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ