Жұлдыз Өмірғали тамыз айында жеке өмірінің құпиясын ашуға уәде берді

0
5

Жақында ғана «Кешьюге» келіп-кеткен Жұлдыз Өмірғали, бұдан былай жұрт назарында жүргенді қалайды. Алагөзованың шәкірті, көпшілікті мазалаған сауалдарға да жауап берудің, ауылы алыс емес екенін жеткізді. Сонымен, атышулы ұжымның экс-әншісі ел алдына қашан шықпақ?

Фото: Жұлдыз Өмірғали

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Жұлдыз «Кешью» тобында 3 жылға жуық қызмет атқарды. Таяуда, топ тығырықа тірелгенде тағы бір мәрте қол ұшын созып, уақытша өнер де көрсеткен. Ал, Алагөзованың тарапынан түскен ұсыныс аяқ-асты болыпты.

“Ертең болады. Сенің уақытың бар ма? Қолың бос па? – деп хабарласты. Мен «Кешью» тобын жақсы көремін. Сондықтан, мен оларға «иә» деп айттым”, – дейді Жұлдыз.

Жұлдыздың өзі түлеп ұшқан топқа қайта оралуы үш-ақ күнге созылған. Бұл қысқа мерзім ішінде атышулы гезбенд Алматы, Астана және Қарағанды қалаларына барып үлгеріпті. Бірақ, Өмірғалидың сөзінше қазіргі құрамда ән салатын бұрымдылардың бұрынғы белсенділігі бәсеңси бастаған.

“Бұрын білмеймін үшеуіміз «қазір шығамыз, қазір міне» – деп терлеп, теріміз ағып шығатын едік тойдан кейін. Ал, мына жолы, бұрынғымен салыстырғанда әрине өзгерген. Көрініп тұрады да адамның жұмысқа берілгені, берілмегені”, – дейді Өмірғали.

Бүгінде «Кешьюдің» экс-мүшесі сахнаны сағынғанымен, ел алдына шығуға әлі де жатырқайды. Бірақ, жеке репертуарын жасақтау үстінде.

“Мені шақырады бағдарламаларға. Бірақ білмеймін, өзімді әлі ондайға дайын емеспін деп санаймын. Бір жақсы ән дайындау керек елге ұнайтын. Жақсы бір қойылым қою керек. Соған әлі дайын емеспін”, – дейді Жұлдыз.

Өйткені, Жұлдыздың жеке өміріне қызығушылық танытқандардың қарасы көп! Сылқым соңынан ерген түрлі қауесеттен шаршаса керек, тамыз айының аяғында құпияның құлпын ашатынын айтып сендірді.

“Тағы кішкене шыдай тұрсаңыздар! Осы жаздың аяғында мүмкін берерміз. Кішкене ғана күте тұрсаңыздар!” – деп уәде берді Жұлдыз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ