Жұма күні еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

0
2

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде найзағаймен бірге жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейеді, кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

Қазгидрометтің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

Қарағанды, Жамбыл, Түркістан, күндіз Маңғыстау облыстарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Ал, Алматы, Маңғыстау  облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, кей жерлерде Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ