Жұма күніне арналған ауа райы болжамы

0
1

Жұма күні еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады , деп хабарлайды UZYN.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Фото: otyrar.kz

27 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн райы ашық болады, тек республиканың солтүстігі мен орталығында фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, желдің күшеюі сақталады, солтүстікте кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, түнде және таңертен Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді,

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.

Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ