Жұма күніне арналған ауа райы болжамы

0
0

Қазгидромет 7 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды UZYN.KZ.

Фото: kartinkioboi.ru

Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады, дауылды жел күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың кей жерлерінде желдің күшейюі, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі.

Қарағаңды облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с сақталады, кей жерлерде – бұршақ күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, дауыл күтіледі, күндіз – бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қызылорда, күндіз Атырау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде – бұршақ күтіледі.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Атырау, Павлодар облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ