Жәмилә Бақбергенова күрестен әлем чемпионатынан қола медальмен оралды (фото, видео)

0
12

Қазақстандық Жәмилә Бақбергенова 23 жасқа дейінгі қатысушылардың арасында өткен күрестен әлем чемпионатында үшінші орын алды. Румыниядан жеңіспен оралған спортшы қызды жерлестері әуежайдан үлкен құрметпен күтіп алды деп хабарлайды UZYN.KZ.

Фото: prosports.kz

72 келі салмақ дәрежесінде күрескен Бақбергенова алғашқы белдесуінде жапон қызы Наруха Мацуюкиді жеңген болатын.

Одан кейін АҚШ елінің балуаны Анна Уаттерстен басым түсті.

Жартылай финалда жерлесіміз жеңіліс тапқаннан кейін, қола үшін күресте Үндістаннан келген Найнаны ұтып кетті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Еуропаның оңтүстік — шығыс бөлігінде орналасқан Румыния қаласында Әлем чемпионаты U-23. Еркін күрес өтті. Сол күрестен ерлік көрсетіп ел намысын қорғап жүрген батыр қызымыз Жәмиля әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Салмағы 72 келідегі спортшымыз Жәмиля Бақбергенова қола үшін таласта үнді спортшысын 11:0 есебімен ұтты. Суреттегі: көріп тұрғандай Жамиля қызымызды күтіп алу рәсімі. (Толығырақ алдағы уақытта жариялайтын боламыз)

Публикация от Zhambul_audanynyn_akimdigi (@zhambul_audanynyn_akimdigi)

Фото: Жамбыл ауданы әкімдігінің Instagram желісіндегі парақшасынан алынды

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ