Жақында Жерде тағы бір алапат магниттік дауыл болмақ

0
2

Ғалымдар маусымның аяғында Жер жүзінде тағы бір алапат магниттік дауыл болатынын айтып, дабыл қақты. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Mignews

Зерттеушілердің сөзіне сенсек, магниттік дауыл 27-29 маусым аралығында болады. Бұл уақытта энергетикалық жүйелерде ақаулар болып, тіпті ғарыштық аппараттарды басқаруда қиындықтар туындауы мүмкін.

Дауыл кезінде геомагниттік белсенділік қарқындылығы бес балдық шкала бойынша G1 деңгейіне жетеді деп күтілуде.

Биылғы жылы мұндай магниттік дауыл екінші маусым күні тіркелген. Ғалымдар дауыл кезінде адамдардың басы ауырып, әлсіздікті сезінуі мүмкін екенін ескертуде.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ