Аудан жаңалықтары: Самсы ауылдық округіне жаңа әкім тағайындалды (фото)

0
15

16 тамыз күні Құсайынов Ержан Дәуітханұлы Самсы ауылдық округі әкімінің лауазымына тағайындалды деп хабарлайды UZYN.KZ.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін — өзі басқару туралы»Заңының 36 бабының 1 тармағына сәйкес Құсайынов Ержан Дәуітханұлы Самсы ауылдық округі әкімінің лауазымына тағайындалды. Жаңа лауазымға тағайындалған Ержан Құсайынов Самсы ауылының тумасы, білімі — жоғары. Бұған дейін Алматы облысының ішкі істер департаментінің қызметкері лауазымын абыроймен атқарып келген.

Суреттер: Жамбыл облысы әкімдігінің Facebook желісіндегі парақшасынан алынды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ