Жамбыл ауданы Қазақстан Республикасы рәміздері күнін атап өтті (фото)

0
12

Жамбыл ауданының тұрғындары Қазақстан Республикасы рәміздері күнін атап өтті деп хабарлайды UZYN.KZ.

Фото: Суреттерді Жамбыл ауданының әкімдігі ұсынды

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті рәміздерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек.

Фото: Суреттерді Жамбыл облысы әкімдігі ұсынды
Фото: Суреттерді Жамбыл ауданының әкімдігі ұсынды

Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы – осы» деп айтқан болатын.

Фото: Суреттерді Суреттерді Жамбыл ауданының әкімдігі ұсынды

Мемлекет басшысымыздың осы сөзін аңғара отырып, бүгін ауданымызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай мерекелік шара өтті. Атаулы шараға аудан әкімі Бағдат Байшалұлы Әлиев қатысып, жүрек жарды лебізін айтты.

Салтанатты шара «Мемлекеттік рәміздер ел келбеті» атты мерекелік-сазды бағдарламамен жалғасын тауып, аталмыш шара автокөлік шеруімен аяқталды.

Фото: Суреттерді Жамбыл ауданының әкімдігі ұсынды
Фото: Суреттерді Жамбыл ауданының әкімдігі ұсынды

Әрқашанда Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, көк байрағымыз мәңгі желбірей берсін.

Фото: Суреттерді Жамбыл ауданының әкімдігі ұсынды
Фото: Суреттерді Жамбыл ауданының әкімдігі ұсынды

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ