Жамбыл ауданы «Ұлттық домбыра» күнін қалай атап өтті? (видео)

0
22

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында белгіленіп отырған «Ұлттық домбыра күні» Жамбыл ауданында аталып өтті деп хабарлайды Жамбыл ауданы әкімдігінің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасаған UZYN.KZ.

Елбасының Жарлығымен енгізілген идеологиялық мәні жоғары «Ұлттық домбыра күні» мерекесі ауданымызда жоғары деңгейде аталып өтті.

Қазақтың қара домбырасы тарих толқынында қандай қуаныш болсын, қайғы болсын, жанына серік болып, жан дүниесін тербеген.

«Ұлттық домбыра күні» мерекесі аудан орталығы Ұзынағаш ауылының орталық алаңында «тарихтан сыр шертетін» қойылыммен ашылып, домбырашылардың тамаша концертімен жалғасын тапты.

«Ұлттық домбыра күні» мерекелік іс–шарасына ауданнан 500 домбырашы қатысқан.

Суреттер Жамбыл ауданы әкімдігінің Instagram желісіндегі парақшасынан алынды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ